Тәуелсіздікке 30 жыл іс шара

2021 жылы Тәуелсіздігімізді алып, Егемен ел атанғанымызға 30 жыл толады. Тарихи тұрғыдан бағамдасақ, отыз жыл – аса көп уақыт емес. Десе де, Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, жаһан жұртына қарышты қадамдарымен танылып үлгерді.
"Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек", - деп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында атап өтті.
Құрметті оқырман! Назарларыңызға "Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын арналған іс-шаралар жоспарын ұсынамыз.
«Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған
ІС-ШАРАЛАР
№ |
Іс – шара атауы |
Өткізу түрі |
Орындау мерзімі |
Жауапты |
|
«Тәуелсіздік – аманаты бабамның» |
Поэзия кеші |
09.12.21 |
Аимбетова Б. |
2. |
«Тәуелсіздік тірегі – Мәңгілік ел» |
Виртуалды кітап көрме |
11.12.21 |
Нұршинова Ж. |
3. |
«Тәуелсіз елдің – ертеңі» |
Эссе байқауы |
14.12.21 |
Уәлі М. |
4. |
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» |
Сурет байқауы |
14.12.21 |
Уәлі М. |