Наш адрес: Казахстан, Карагандинская область, г. Сатпаев, ул. Кусаинова, 31-1 Тел./факс.: +7 (71063) 7-49-62, +7 (71063) 7-46-44 E-mail: biblioteka_15.63@mail.ru

История библиотеки

Әр  тарихтың  өз  бастауы  болады  демекші, біздің  кітапхананың  тарихы  да  2006 жылдан  бастау  алып  отыр.
2006 жылы  еліміздің   мәдени – рухани  өмірінде  бұрын – соңды  болып  көрмеген  мән – маңызы  айрықша  «Мәдени  мұра» бағдарламасы  аясында кенді қалада тағы  бір  мәдени  ошақ – «Балалар  мен  жасөспірімдер  кітапханасы»  ашылды.
Қаулы  -  № 4 – 81/2. 16.02.2006 ж.    Мемлекеттік мекеме қаламыздың 5 – мөлтек  ауданында, Құсайынов көшесіндегі   31 – үйдің, 011- 2–3 пәтерлерінде  орналасқан.  Ашылған  уақыттағы  кітапхананың  жалпы  ауданы – 91,02 кв.м.
2006 ж. сәуір айында кітапхана Қазақстан Республика-сының  Әділет министрлігінің  тіркеуінен  өтіп,  барлық  заңды  құжаттарын  алды.
Салтанатты  ашылу  рәсімі  2006 жылдың  маусым  айының  14 – жұлдызында  болып  өтті.

Осындай  маңызды  бағдарлама  аясында  ашылған  кітапхана  боласа   да      жеке  ғимарат  берілмеген, бес  қабатты  тұрғын  үйдің  бірінші  қабатындағы 2,3 пәтерлерінде орналасты.  Ішінде  ешқандай  жөндеу  жұмыстары жүргізілмеген, кітапханаға лайықты жабдықталмаған,  жалпы  айтқанда  материалдық – техникалық  базасы  жоқ.
ОКЖ – нен  5000 дана  кітап  берілді.Кітаптарда     оқырмандар сұранысы жоқ , мазмұны  ескірген  әдебиеттер  болғандықтан,  және ол  жылы жаңа  мерзімді  басылымдар  алмағандықтан  оқырмандарға ақпарат беруде, олардың  сұраныстарын  орындауда қиындықтар болды.          
2007 жылдан  бастап мекеменің материалдық – техникалық базасын  нығайту  үшін   жергілікті  бюджеттен қаржы  бөлініп, кітапханаға  қажетті  жиһаздар,  техникалар  алына  бастады.     Кітап  қорын  толықтыру  үшін  де  ақша  бөлініп,  сол  жылдан  бастап  кітап  қоры әдебиеттер мен мерзімді басылымдар жыл сайын  көбейіп   келеді.
2009  жылы  мемлекеттік  «Жол  картасы»  аясында  кітапханаға  ағымдағы жөндеу  жұмыстары  жүргізілді. Кітапханаға  қосымша 1–қабаттағы бұрын әлеуметтік  бағдарламалар  бөліміне  қарасты №1 пәтер  беріліп, ауданы  кеңейді,қазіргі  ауданы – 130,5ш.м. Заман  талабына  сай  жөндеуден  өткізілді. Кітапхананың  есігі  ғимараттың  артқы  жағынан  жекеленіп  ашылды.  Жаңаша  келбет  алған  кітапхананың  қайта  ашылу  рәсімі  қаламыздың  туған  күні  қарсаңында  болып өтті. Оған  қала әкімі, мәдениет бөлімінің  басшысы, кітапхана  ардагерлері  арнайы  келіп, құттықтауларын  жеткізіп  жатты.


                         

Осы  кітапханаға басшы ретінде Қожахметова   Гүлнар  Саруарқызы тағайындалады.  

Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті  елге айналуымыздың негізін қалауда..
Бүгінгі күні кәсіби шеберлік-кез келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстаным.Әр маман иесінің қызмет көрсету деңгейі әуелі қызметкерлердің кәсіптік  деңгейімен анықталады.
Кітапхана саласы ақпарат және білім  орталығы ретінде, ақпаратты білу мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте, жоғарғы ақпаратты  біліммен қаруланған, өз ісінің шебері әмбебап маман болу керек.Кітапханадағы өз ұжымына  білім шуағымен қатар, көңіл шуғында шашып, өз  кітапханашыларының   үлкен-үлкен   жетістіктеріне жетуіне демеу болып, абырой  атақтарының да асқақтай берулеріне жылдар бойы өз үлесін қосып келеді.
Осы жылдар ішінде қалалық әкімшіліктен алғыс хат  Г. С. Қожахметова Д.Е. Дюсебекова, А.А. Байғазиева  қалалық мәдениет бөлімінен Ә.С. Шегебаева, Г. Б. Соколик, Ф.Т. Дузбаева марапатталды.  2012 жылы 26 қырқүйек айында өткен « Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне» орай өткізілген кәсіби мерекеде кітап қорының кітапханашы 35 жыл  еңбек еткен «Күміс алқалы»
Аманкүл Амзеқызы      Байғазиева «Үздік кітапханашы» номинация  дипломының иегері болды.


     Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаты 2012 ж 

                                            
 Қасиетті қазынаны көздің  қарашығындай сақтап, Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы сонымен қатар барлық көпшілік жұмыстарын  ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, қаланың №1,3,4,7,15,19 т.б. мектептері мен балабақшаларымен тығыз байланыста жұмыс атқарып тұрады.Осы өткізілген іс-шаралар қаламыздың  «Шарайна» , Қарағанды қаласының «Орталық Қазақстан»  газеттеріне  мақалалар жазылып,іс-шараға қаламыздың Сәтбаев қаласының телеарнасы (СТА)  мен Дидар телеарналары келіп, тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.   

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының   алға   қойған  мақсат –міндеттері.
     

Кітапханаға келген әрбір оқырманды,  еліміздің ертеңі болатын       жас ұрпақтың білімін кеңейтіп,біліктілігін арттыруға үлес қосатын рухани орда  кітапхана.
Басты мақсат-кітап оқуды насихаттай отырып жас ұрпақтың санасына,туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып,елінің патриоты болуға, сондай ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін , салт-дәстүрін аялай,ардақтай білуге шақыру.
Кітапхана міндеті - жас ұрпақты кітап оқу мәдениетіне  тәрбиелеу,әдебиетке деген қызығушылығын  арттыру,олардың жас ерекшеліктерін ,талғамдарын ескеріп әдебиет таңдауына көмек көрсетіп, бағыт беру-біздің басты мақсатымыз.
• Кітапхана  мен  кітап  оқуды  насихаттаудың  түрлі  әдістерін  пайдалану;
• Кітапхананың кітап қорын бүгінгі күн талабына лайық  деп саналатын маңызды, құнды басылымдармен  толықтыру;
• Мектеп  бағдарламасына  қосымша  көмек  беру;
• Оқырмандардың  жеке  тұлға ретінде дамуына, олардың шығармашылық  әлеуетін  арттыруға  үлес қосу ;
• оқырман оқуына  жетекшілік  ете  отырып, оқуға, көркем  әдебиетке деген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, мәдени  ағарту мекемесі ретінде жұмысын атқару;
• жаңа ғасырдағы адамзат баласының рухани дамуына, білімді ұрпақ   тәрбиелеуге үлес қосу;
•  кітапхананың  веб-сайтын кеңейтіп, жаңа деректермен толықтыру;     
    
Кітапхана мына бағыттарда  жұмыс жүргізіледі;
- отансүйгіштік      бағыт;
- өлкетану бағыты;
- адамгершілік, имандылық бағыт;
- құқықтық  бағыт;
- эстетикалық бағыт;
- экологиалық бағыт;
- салауматты  өмір салтын ұстану;
- тарихи бағыт; 
Кітапхананың негізгі оқырмандары   - 0-4сынып,
5-9 сынып,10-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдер мұғалімдер, тәрбиешілер  және ата-аналар, т.б.
Бүгінгі  күні кітапхана қорында  10.685 дана кітап  құрайды.Сонымен қатар 767 мерзімді басылымдар, оның ішінде 194 газет, 573 журнал даналары бар. Кітапханада бөлім құрылымы абонемент  және оқу залынан   тұрады.
Бүгінгі таңда 2095  оқырмандар  абонемент пен оқу залы бөлімінің қызметін пайдаланады, кітап берілім саны күн  санап өсуде.Оқу залында  кітаптар ғылымның әр саласы бойынша жинақталған.Оның негізгі қоры анықтамалықтар, сөздіктер,жыл сайын түсетін балаларға арналған  түрі-түсті мерзімді баспасөз  басылымдарынан тұрады.                       
                    

Инфоресурсы

ГУ «Детско-юношеская библиотека города Сатпаев» прошла регистрацию в Министерстве юстиции РК и получила все юридические документы в апреле месяце 2006 года. Библиотека работает на основании положения № 41- 1930- 30 от 24.03.06 г. о государственной перерегистрации юридического лица №41-1930-30-КГУ от 23.06.2016г. Коммунальное государственное учреждение «Детско-юношеская библиотека города Сатпаев» государственного учреждения «Отдел культуры и развития языков города Сатпаев»
© 2007-2019 Детско – юношеская библиотека города Сатпаев Все права защищены
© 2013-2022 Разработка и поддержка:
Интернет-компания «Creatida»