Наш адрес: Казахстан, Карагандинская область, г. Сатпаев, ул. Кусаинова, 31-1 Тел./факс.: +7 (71063) 7-49-62, +7 (71063) 7-46-44 E-mail: biblioteka_15.63@mail.ru

К.И.Сатпаев - биография

1. Қ.И.Сәтбаевтың өмірбаяны 

Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Анасы «Ғаниым, Ғанышым» деп еркелеткен, бала мектепке барғанда журналға Қаныш болып жазылып кетіп, жұртшылыққа Қаныш есімімен танылған. Әлбетте, қандай ғұлама ана құрсағынан ақылгөй болып тумайды, оны өскен ортасы, ғұмыр жолында көрген-білген өмір мектебі тәрбиелейді. Кішкентай Қаныш әкесінің тізесінде отырған кезден бастап ақын – жыршылардың төкпе өлеңдерін сүйсіне тыңдап, үлкендерден естіген ән-жырды, қанатты сөздерді зердесінде бекем ұстап, ұғымталдық қасиеті, дүниетанымы мектеп жасында – ақ біліне бастаған.
Жасы беске толғанда Үлкен ауылдағы молдаға барып сауатын ашып, жеті жаста болыс ауылындағы «Ағаш үйдегі мектепке» қатынай бастайды. 1911жылы Павлодардағы орыс-қазақ училищесін, 1914жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясын оқып бастауыш сыныптарға орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлік алып шығады. 1918жылы Алаш қалашығында мұғалімдер даярлайтын жедел курсқа жаратылыстану пәнінен мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Бозбала жігіт орта біліммен алысқа бармайтынын түсініп, Томск университетінің математика факультетіне түсіп, оны үздік бітіріп шығады. Ертелі – кеш ұстаздық жұмыс, дайындық, бойдақтық өмір ғалымның денсаулығына ақау түсіріп, дәрігердің кеңесімен ауылға қайтуға мәжбүр болады. Туған жердің ауасы, анасының күтімі ғалымның денсаулығының оңалуына септігін тигізеді. Ауылда құр босқа жатпай балаларды жинап мектеп ашып, алгебра оқулығын да жазып үлгереді.
Баянауылда Халық сотының міндетін атқарушы болып қызмет етеді. Елде етек алған даулы істерге араласып, көбіне жер-суға дауласатын жұртты өзара келістіріп, адал еңбегіне төлем алуды тілеген жарлы – жақыбайлардың құқығын қорғады. Қара қылды қақ жаратын әділ Имантай бидің ізбасары, қара халықтың сөзін сөйлеуші, қорғаны дегізді. Бұл да жасы небары 21 жасар азаматтың жинаған абыройы.
1964 жылы 31 қаңтар күні Москваның Кунцево деген орманды аймағына орналасқан Кремль ауруханасында Қаныш Имантайұлының жүрегі соғуын тоқтатты. Халқымыздың рухани өміріндегі ерекше ұлы тұлға Қ.И.Сәтбаевтың есімі халқының жанында мәңгі сақталмақ. Оның есімі өзі ұзақ жылдар жетекшілік еткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтына, Алматы, Балқаш, Семей т.б. қалалардағы көшелерге, кіші планетаға берілген. Қ.Имантайұлының құрметіне Жоңғар Алатауы, жотасындағы мұздақ пен шың, Қаратаудағы ванадий кен орны рудаларында табылған "Сатбаевит" минералы "Академик Сәтбаев" гладиолус гүлі аталған. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сан қырлы талантын, ақыл ой парасатын туған халқының мерейін үстем етуге жұмсады. Оның өнегелі өмір жолы баршамызға үлгі. Белгілі қоғам қайраткері

2.Ғылым жолында
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көргендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зертеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлары түрде кең масшатбтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрлысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін еңгізді. Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың еңбегінің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам қарталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, каратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол-геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі, бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрижелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады.

Кітап қорында бар кітаптар тізімі:

1. Әмірәлин Ә.
Арқада туған алып.жезқазған кен тарихы. – Алматы, Қазақстан, 1981, - 134бет.
Кітапта Жезқазған кенінің тарихы, оны ашу жолында Сарыарқаны тынбай сарыла іздеп, жан – жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өзінің барлық күш – жігерін жұмсаған Қ.Сәтбаевтың қажырлы еңбегі, қазақ кеншілерінің қалыптасу жолдары кең қамтылып суреттелген. Өмір жолы Жезді кенімен тағдырлас талай кеншілердің, 30-жылдардағы стахановшылардың еңбек даңқы, қазіргі Үлкен Жезқазған, Қарсақбай бейнесі кітап мазмұнына желі болып тартылған.
2. Исабай Қ.
Қаныш аға осындай еді... Естелік әңгіме. – Алматы, Өлке, 1999, - 124бет.
Қаныш Сәтбаев жылы аясында шығарылып отырған бұл кітапта әйгілі академиктің қалың оқырман қауым көп біле бермейтін адамдық, азаматтық тұлғасы бейнеленген.

3. Сарсеке М.
Қазақтың Қанышы. Роман – эссе. - Алматы, Атамұра,1999,- 592бет.

4. Сарсекеев М.
Қуғындалған Сәтбаев. Естелік-эссе, - Алматы, Шабыт ,1994, - 244бет.
Оқырман қауымға жақсы мәлім жазушы М.Сәрсекеевті кешегі одақ көлеміне танытқан бір шығармасы – «Тамаша адамдар өмірі» топтамасымен жарық көрген «Сәтбаев» романы. Ол туындыда ғұламалығы бүкіл әлемге әйгілі болған академик, қазақ халқының біртуар перзенті Қ.Сәтбаевтың ғалым, ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері ретіндегі бейнесі жасалады. Бірақ ақиқатты арқау еткен ол кітаптың көптеген қиыншылықпен шыққандығы жұртшылыққа белгісіз еді. Бұл еңбекте сол келеңсіздікті өкінішпен, ашыныспен айтады.

5. Сарсекеев М.
Сатпаев. Пер.с каз. С.Плеханова.- Алма – Ата, Өнер,1989, - 448с.
Книга рассказывает о первом президенте АН КазССР К.Сатпаеве. Сын степного кочевника, учитель, инженер – геолог, первооткрыватель огромных запасов медных руд в Джезказгане. К.Сатпаев прошел путь от члена ревкома до заместителя Председателя Совета Союза Верховного Совета СССР. Книга М.Сарсекеева, написанная на основе документальных материалов, воссоздает замечательный облик этого ученого и государственного деятеля.

6. Сатпаева Ш.
Свет очага.Научное издание. – Алматы: Қазақстан, 1999, - 184с.
В книге представлены новые, малоизвестные материалы о ближайшем окружении К.Сатпаева и о его ранних трудах по литературе и искусству.
Преподавателям, студентам вузов, школьникам, широкому кругу читателей и всем тем, кто интересуется жизнеописанием великих людей.

7. Сәтбаева Ш.
Сәулелі әулет.Ғылыми басылым. – Алматы, Қазақстан,1996,-175бет.
Бұл кітапта қазақ халқының қоғамдық өміріне, рухани биіктеуіне, білім, ғылым, мәдениет салаларына ат салысып, жемісті еңбек еткен бүкіл бір әулеттің өнегелі өмірі туралы сыр шертеді.

8. Қаныш аға: Естеліктер. – Алматы, Жазушы,1989,-400бет.

 

 
№27 орта мектептің ішінен ашылған ҚР Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы  Сәтбаев  атындағы мұражайға оқырмандармен  саяхат  жасалды. Мұражай жетекшісі Жүнісова Күлпаш Сәрсенбекқызы ұлы ғалым  Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген орасан зор еңбегі, өмірі жайында балаларға  мәлімет беріп, ғалым пайдаланған құрал – жабдықтарды  көрсетті.
 

Инфоресурсы

ГУ «Детско-юношеская библиотека города Сатпаев» прошла регистрацию в Министерстве юстиции РК и получила все юридические документы в апреле месяце 2006 года. Библиотека работает на основании положения № 41- 1930- 30 от 24.03.06 г. о государственной перерегистрации юридического лица №41-1930-30-КГУ от 23.06.2016г. Коммунальное государственное учреждение «Детско-юношеская библиотека города Сатпаев» государственного учреждения «Отдел культуры и развития языков города Сатпаев»
© 2007-2019 Детско – юношеская библиотека города Сатпаев Все права защищены
© 2013-2022 Разработка и поддержка:
Интернет-компания «Creatida»